429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы абаттандыру жұмыстарына 600 млн теңге бөлінбек

  • 328
Оралдағы абаттандыру жұмыстарына 600 млн теңге бөлінбек

Оралда биыл абаттандыру жұмыстары аясында 10 жоба жүзеге асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатқа қазынадан 600 миллион миллион теңге бөлінбек. Осы қаржы есебінен 22 спорт алаңы салынады. 10 аулаға асфальт төселіп, жолдары қалпына келтіріледі. Сонымен бірге жарық шамдарын жаңарту, үш бірдей субұрқақты күрделі жөндеуден өткізу көзделіп отыр. Көгалдандыру мен көпжылдық тал-теректерді отырғызуға да қаржы қаралған.

Мирас Мүлкәй, қала әкімінің орынбасары:

- Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай «Жеңіс» алаңын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарда бар. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу өткізіп, мердігер мекеме анықталып, жұмыс көлемін нақтылауда. Сонымен қатар Абай алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстары қарастырылған. Постаменттер және кітапша ретінде кітаптарды орнату бойынша жұмыстар өтетін болады.

Хабар 24 телеарнасы