448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбылда із-түзсіз жоғалған 9 азамат табылды

  • 145
  • UPD: 10:23, 23.03.2020
Жамбылда із-түзсіз жоғалған 9 азамат табылды

Жамбыл облысында хабарсыз кеткен 9 азамат табылды, деп жазды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Мадимаровтың айтуынша, екі күнде 25 қылмыскер ұсталды, оның ішінде 17-сі ТМД елдерінің құқық қорғау органдары іздеу салғандар. «Іздеу» жедел-алдын алу шарасы барысында із-түзсіз жоғалған 9 азамат табылды. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 188-бабы ұрлық дерегімен іздеуде жүрген алты азамат және 192-бабы бойынша қарақшылық шабуыл жасаған бір азамат ұсталды», – дейді Ардақ Мадимаров.

Хабар 24 телеарнасы