412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған жамбылдықтардың талдаулары теріс нәтиже көрсетті

  • 788
  • UPD: 11:04, 23.03.2020
Коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған жамбылдықтардың талдаулары теріс нәтиже көрсетті

20 наурызда Алматы облысының тұрғыны «коронавирустық инфекция» диагнозымен Қарасай аудандық ауруханасына жатқызылды.

Науқаспен бұған дейін байланыста болған Жамбыл облысының 10 тұрғыны анықталып, карантинге жатқызылды. Олардан коронавирусқа алынған талдаулар қорытындысы теріс нәтиже көрсетті.

Карантиндегі адамдардың ешбірінен шағым жоқ. Жағдайлары қанағаттанарлық. Оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында қоғамдық орындарға барудан бас тартудың, жеке гигиена шараларын сақтаудың, қол алысып амандасудың және басқа да жақын қарым-қатынастарда болмаудың маңыздылығын ескертеміз.

Тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, жалған ақпараттар мен хабарламаларды таратпауға шақырамыз. Ол үшін қылмыстық жауапкершілік қаралғанын жеткіземіз.

Ақпарат көзі: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы