435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус жұқтырған ақтөбеліктің жағдайы белгілі болды

  • 179
  • UPD: 12:48, 23.03.2020

Ақтөбе облысында бір адамның вирус жұқтырғаны белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін осыған байланысты өткен брифингте науқастың жағдайы туралы айтылды. Ақтөбелік тұрғын 22 наурыз күні шетелден ұшып келген. Қазір жағдайы тұрақты, ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мәлімдеді. Науқаспен бірге бортта ұшқан тағы 57 адамның денсаулығы жақсы. Барлығы карантинге алынған. Қазір сараптама нәтижесін күтіп отыр. Мамандардың айтуынша, жалпы 68 адам карантинде. Ал үй карантинінде 38 адам бар. Сондай-ақ облыста оқшаулау болмайтынын және қалаға карантин режимі жарияланбайтынын айтты.

Әсет Қалиев, Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Тіркелген науқаспен байланыста болған тұрғындарды оқшаулау бойынша жұмысты толық аяқтадық. Қазіргі таңда біздің Ақтөбе облысында осы инфекциялық, провизорлық, абсервациялық кереуеттерде 68 тұрғын жатыр. Қажетті медициналық қызметкерлер мобилизацияланып, науқастарды емдеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы