443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Стационарлық карантиннен бас тартқан зейнеткер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

  • 101
  • UPD: 13:27, 23.03.2020
Стационарлық карантиннен бас тартқан зейнеткер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Көкшетаулық зейнеткер стационарлық карантинге жатудан бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

71 жастағы қала тұрғыны 19 наурыз күні елордаға Минск-Нұр-Сұлтан рейсімен ұшып келген. Алайда ол тәртіпке бағынбай, Көкшетауға кетіп қалған. Оның бұл әрекеті жайлы жергілікті дәрігерлерге хабарланған. Алайда үйіне іздеп келген жедел жәрдем мен санитарлық мамандарға зейнеткер есігін ашпаған. Содан соң полицейлер мен құтқарушылар келіп, есікті бұзуға мәжбүр болыпты. Қазір қария облыс орталығындағы ауруханалардың біріне карантинге жатқызылды. Ал тиісті сараптамалары вирусологиялық зертханаға жіберілген.

Гүлнәр Пинчук, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабының 1-тармағына сай қылмыстық іс қозғалды. Енді стационарлық карантиннен бас тартқан азамат 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сондықтан тұрғындарды карантин ережелерін сақтауға шақырамыз. Олай болмаған жағдайда жаза қатаң.

Хабар 24 телеарнасы