445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жалған ақпарат таратқан қызылордалық бас бостандығынан айырылуы мүмкін

  • 109
  • UPD: 13:29, 23.03.2020
Жалған ақпарат таратқан қызылордалық бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қызылордалық азамат жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

19 жастағы студент Whats-app мессенджері арқылы Жаңақорған ауданында коронавирусқа шалдыққан азаматтар анықталды деп фейк мәлімет таратқан. Осылайша ойнаймын деп от басқан жігіт өкінішін білдірді. Айта кетейік, бұл – Қызылорда өңірінде жалған ақпарат тарату бойынша тіркелген осымен үшінші дерек.

«Алдағы уақытта мұндай қателікті жібермеймін деп уәде беремін. Балалық болды. Сіздер де осы қателікті қайталамауларыңызды сұраймын. Барлықтарыңыздан кешірім сұраймын».

Бектөре Сұлтан, облыстық полиция департаментінің бастығы:

– Шындыққа сай келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа жол бермеуге шақырамыз. Мұндай фактілерді анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі және оларды анықтау үшін барлық қажетті техникалық мүмкіндік бар екенін айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы