443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда тағы бір үй оқшауланды

  • 527
  • UPD: 13:35, 23.03.2020
Алматыда тағы бір үй оқшауланды

Алматы қаласында Бөгенбай батыр мен Айманов көшесінің қиылысындағы тағы бір үй оқшаулауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәлірек айтсақ, бір подъезі карантинге жабылды. Енді тұрғындар 2 апта үй карантинінде болады. Ол жерде қазір дезинфекциялық жұмыстар жүріп жатыр. Дәрігерлер тұрғындармен байланыс орнатып, оларға карантин кезінде жүріп-тұрудың нұсқаулығын таратқан. Біздің тілшілеріміз Қонаев пен Гоголь көшесінің қиылысындағы екі үйдің тұрғындарымен әрдайым байланыста. Мұнда 170-ке жуық пәтер бар. Үй каратинінде отырған адамдардың денсаулығы қалыпты. Қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмек, медициналық бетперделерді супермаркет қызметкерлері жеткізіп береді. Еріктілер де көп қолқабыс жасап жатыр. Қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін барлық төлем электронды түрде ғана жасалады. Тұрғындардың бірі Андрей Николаев соңғы қаулыға сәйкес неліктен подъездің емес, екі үйдің карантинге жабылғанын түсіндірді.

Андрей Николаев, қала тұрғыны:

- Себебі бұл қаулы екі күн бұрын ғана шықты. Ал біздің үйлердің карантинге жабылғанына төрт күн болды. Яғни бізді оқшаулаған кезде бұл қаулы болған жоқ. Оның үстіне біздің екі подъезге бір есік арқылы кіреміз. Сондықтан бір подъезді жабудың ешқандай тиімділігі болмайтын еді.

Хабар 24 телеарнасы