448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші блок посттан өтпек болған

  • 502
  • UPD: 15:02, 23.03.2020
Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші блок посттан өтпек болған tengrinews.kz

30 жастағы BMW көлігінің жүргізушісі мас күйінде Қосшы аулы аймағындағы блокпосттан өтпек болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Ер адам төтенше жағдай жарияланған аймақтағы құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің тәртібіне бағынбады. Полиция қызметкерлері оны ұстады», – дейді Полиция департаментінің өкілдері. 

Оқиға 22 наурыз сағат 03:35-те болған. Көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ер адамды 15 тәулік мерзімге қамауға алуға және 7 жылға жүргізуші құқығынан айыру жөнінде қаулы шығарды. Сонымен қатар, оған 40 АЕК (100 мың теңгеден аса) көлемінде айыппұл салынды. 

Еске салайық, 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласы толығымен карантинге жабылды. Қала сыртында барлығы 7 блок-пост қойылған.

 

Хабар 24 телеарнасы