435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID 2019: Ақтөбе облысында 68 адам дәрігерлердің бақылауында

  • 112
  • UPD: 15:23, 23.03.2020
COVID 2019: Ақтөбе облысында 68 адам дәрігерлердің бақылауында

Шетелден оралған бір ақтөбеліктен қауіпті вирус анықталып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әйел адам кеше Испаниядан келген. Қазір онымен байланыста болған барлық азаматты оқшаулау қолға алынған. Ұшақта бірге болған 57 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі де карантинге жатқызылды. Жалпы өңірде 68 адам дәрігерлердің бақылауында. Облыста қазір осы мақсатта мыңнан астам төсек орны дайындалған. Мамандар дәрі-дәрмек те жеткілікті дейді.

Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД басшысы:

– Ұшақтан түскеннен кейін «А» категориядан болғандықтан, бірден изоляторға түсті. Оның қасында палата бойынша қарым-қатынаста болған адам да оқшауланды. Ұшақта ең жақын отырған 4 адам изоляторда жатыр.

Хабар 24 телеарнасы