443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы блок бекеттерден дене қызуы бар 2 азамат анықталды

  • 913
  • UPD: 15:21, 23.03.2020
Алматыдағы блок бекеттерден дене қызуы бар 2 азамат анықталды

Алматыдағы Алатау және Жетісу аудандарындағы блок бекеттерде дене қызуы бар екі адам анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың біреуі шаһарға кіргізілмеді, екіншісі қалалық ауруханаға жатқызылды. Алматы әкімдігінің хабарлауынша, бірінші азамат Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны болып шыққан. Алатау ауданыныдағы №3 блок бекеттен өтерде оның дене қызуы анықталған соң, жедел жәрдем шақырылған. Катаралды ангина диагнозы қойылған азамат тұрғылықты жеріне қайтарылды. Тағы бір дене қызуы бар азамат Жетісу ауданындағы №8 блок бекеттен анықталған. Ол қалалық ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, өткен тәулікте блок бекеттен қалаға кірген 23 мың 475 және шыққан 13 мың 893 азаматтың дене қызуы тексерілген.

Хабар 24 телеарнасы