425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбелік фермерлер тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратты

  • 455
  • UPD: 15:26, 23.03.2020
Ақтөбелік фермерлер тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратты

Мереке күні ақтөбелік аз қамтылған отбасылар мен мүгедектер қоғамының мүшелері қуанышқа бөленді.

Егін егіп, мал өсірумен айналысатын қожалықтар оларға азық-түлік пен ет таратты. Бұл «Фермерлік орталық» ұйымына біріккен шаруалардың кезекті қайырымдылық іс-шарасы. Бұған дейін қауіпті індетпен күресуші дәрігерлерге көмек ретінде қомақты қаржы аударған болатын. Ал бұл жолғы істерін Ұлыстың ұлы күніне арнады. Жағдайы нашар 30 отбасы мен сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы және саңыраулар қоғамының қалалық ұйымына барып, сый-сияпатын көрсетті. Шаруалардың ыстық лебізі мен құрметіне бөленген жандар өз алғысын білдірді. Осыдан бірер жыл бұрын құрылған орталық ортақ мәселелерін шешуде белсенділік танытып келеді. Мемлекеттік қолдау түрлеріне де ие. «Ал елде қалыптасқан жағдайға орай көмек көрсету  парызымыз», – дейді қоғамдық ұйым мүшелері. 

Қыдырбай Ксупов, қоғамдық ұйым төрағасы:

– 150-дей шаруа қожалығымыз бар. Соның әрқайсы шамасы келгенше өздерінің үлестерін қосты. Малдай берді, қаржылай берді. Төрт ірі қара, бір жылқы сойылды. Қойы бар. Соны бес келіден есептеп, Наурызға біздің мерекелік сыйларымыз.

Хабар 24 телеарнасы