413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТЖ жарияланғалы шетелде демалып жүрген 5 мың турист елге жеткізілді

  • 238
  • UPD: 21:11, 23.03.2020

Санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзу бабы бойынша 3 іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде құқық бұзған 143 адамның үстінен әкімшілік іс қозғалды. Аталмыш режим жарияланғалы шетелде демалып жүрген 5 мың турист елге әкелінді. Бүгін тағы 145 адам оралады. Қазақстан азаматтарын елге жеткізу жұмыстарын «Туристік қамқор» қоры іске асырып жатыр. 59 адам қордың көмегінен бас тартқан. Оларға түсіндіру жұмысы бөлек жүргізіледі.

Ең қызығы, бұл туристердің бәрі алдын ала ескертуге құлақ аспай, шекара асып кеткен. Енді оларды аман-есен жеткізу, қажетті анализ алу сияқты ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Оның бәрі қыруар ақша тұрады. Тіпті кейбір азаматтар демалыс мерзімі біткенше қайтқылары келмепті. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. Енді коронавирус бойынша барлық мәліметті министрдің өзі хабарлап отырады. Дәурен Абаев қазір елде вирусты анықтайтын 60 мың тест бар екенін жеткізді. Жақында тағы 150 мың тест алынады. Одан бөлек, демеушілердің көмегімен 100 мың тест алу жоспарда. Оның сапасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тексерілген.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Ендігі кезекте Білім беру мәселесіне қатысты. 2020 жылғы 6сәуірден бастап қазақстандық мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Қазір Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыру механизмдерін пысықтауда. Бұл жөнінде барлық жаңалықтарды жақын уақытта хабарлаймыз. Сондықтан түсіністік танытып, ресми мәлімдемені күтуді сұраймыз. Қазір мектептер мен мұғалімдерді сұрақтың астына алып, айыптаудың реті жоқ. Бұл мәселе Үкіметтің құзыретінде. Біз барлығын алдын ала хабарлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы