425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордада COVID-19 бойынша бірыңғай ақпарат орталығы ашылды

  • 1253
  • UPD: 17:49, 23.03.2020
Елордада COVID-19 бойынша бірыңғай ақпарат орталығы ашылды

Елордада бірыңғай ақпарат орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұқаралық ақпарат құралдарында, ғаламтор мен мессенджерлерде коронавирус туралы жарияланған кез келген дерек осы орталыққа жиналады. Мұнда операторлар күндіз-түні кезекпен жұмыс істейді. Олар ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізіп, жаңалықтарды саралап отырады. Сондай-ақ жан-жақтан түскен сауалдарға жедел жауап береді. Мамандардың тағы бір міндеті – жалған ақпараттарды дер кезінде анықтап, таралуына жол бермеу.

Хабар 24 телеарнасы