424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус жұқтырған ақтөбелік Испаниядан келген

  • 1413
  • UPD: 19:02, 23.03.2020

Қауіпті індет жұқтырған ақтөбелік шетел асып келген.

Кеше Мәскеуден облыс орталығына жеткен ұшақтың жолаушысы қазір ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Ресей астанасына Испания елінен жетіпті. Қазір онымен бірге болған азаматтардың барлығы да дәрігерлердің бақылауына алынды.

Кесел жұқтырған азаматпен бірге ұшақта 57 жолаушы және экипаждың 6 мүшесі болған. Олардың барлығы әуежайға қонғаннан-ақ алғашқы тексеруден өткізілді. Ал, 1 «А» категориялы елден келген азамат бірден карантине жатқызылып, тиісті сынамалар алынды.

Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бд басшысы:

Оның қасында палата бойынша байланыста болған адам да оқшауланды. Ең жақын байланыста болған ол жаңағы ұшақтың ішінде 4 адам изоляторда жатыр.

Бір қызығы – шетел асып келген жолаушыда қауіпті дерттің белгілері бірден анықтала қоймаған. Тек зертханалық тексеруден кейін ғана дәрігерлердің күдігі расталып шықты. Қазір ол облыс орталығында даярланған арнайы емдеу орнына жатқызылды. Жағдайы қалыпты.

Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Ақтөбе облысында қазіргі таңда инфекциялық, провизорлық, обсервациялық кереуеттерде 68 тұрғынымыз жатыр. Олардың барлығы қазір медициналық бақылауда, жағдайлары тұрақты. Біздің қаланы жабатын, не болмаса карантинге жіберетін, ондай мәселе қарастырылып жатқан жоқ қазіргі таңда.

Осы жағдайға орай бүгін баспасөз мәслихатын өткізген мамандар тұрғындарға төніп тұрған қауіптің жоқтығын мәлімдеді. Құзырлы органдар қатерлі індетпен күреске тыңғылықты дайындалған. Дертті болған жандарды қабылдауға мыңнан астам керует әзір. Қажетті дәрі-дәрмектің де қоры жеткілік.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков

Хабар 24 телеарнасы