411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда бір тәулікте коронавирустан 651 адам көз жұмды

  • 266
  • UPD: 18:04, 23.03.2020
Италияда бір тәулікте коронавирустан 651 адам көз жұмды

Италияда бір тәулік ішінде коронавирустан 651 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 5500-ге жуықтады. Өз кезегінде вирустан айығып жатқандар да аз емес. Соңғы 24 сағат ішінде Италияда 952 азамат құлан таза айыққан. Ал инфекция жұқтырғандардың саны бүгінде 46 мыңнан асады. Олардың бәрі қазір карантинге жатқызылған.

Сильвия Ваммачиньо, карантиндегі науқас, мейрамхана қызметкері:

- Менің кеуде тұсым қатты ауыра бастады. Міне, мына жерім. Сонымен қоса басым ауырды. Алайда коронавирус жұқтыруым мүмкін деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Бастапқы күндердегі жағдайымды 1 мен 10 аралығындағы санмен белгіле десе, 8 дер едім. Әсіресе, психологиялық тұрғыдан қиын болды. Жабық бөлемеде отыру оңай емес. Алғашқы күндері қатты ауырдым. Үш тәулік бойы төсектен тұра алмадым. Тамақ ішпедім. Өйткені не дәмін, не иісін сезген жоқпын. Жөтел қоймай қойды. Ал, кеуде тұсым күннен күнге көбірек ауыра берді. Алайда, 5-6 күннен кейін бетім бері қарады. Көріп тұрғандарыңыздай, қазір жағдайым жақсы. Өйткені бұған дейін тіпті сөйлеуге мұршам болмады.

Хабар 24 телеарнасы