427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдықтар түнде құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне қарсы

  • 373
  • UPD: 19:06, 23.03.2020

Петропавл қаласының тұрғыны түнде құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне қарсы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елена Семидоцких салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйге іргелес тұрады. Оның айтуынша, соңғы кездері жұмысшылар түнде де қатты шулап, ұйқы бермейтін болған.

Елена Семидоцкихтің 18 қабатты тұрғын үйдің құрылысынан құты қашты. Іргелес тұратын отбасының құлағы жастыққа тисе болды, шошып оянады. «Ақпаннан бері жұмысшылар түнде де жұмыс істейді, тыныштық жоқ», - дейді ол.

Елена Семидоцких, қала тұрғыны:

Міне, естіліп тұр. Осылай түні бойы тарс-тұрс етеді. Құрылысшыларға талай рет ескерту жасадық. Ешкім де құлақ аспады. Ұйықтаудан қалдық.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйдің құрылыс материалдары мен қалдықтары тура үйдің ауласына келіп түседі. Міне, ағаш жоңқалары жан жақта жатыр.

Түнгі 3. Бұл жолы Еленаның шыдамы шегіне жетті. Айта-айта дегбірі қалмаған ол бәрін телефонға түсіріп, полицейлерге хабар берді.

Сән Жұмағазина, облыстық ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

- Түнде адамдардың тыныштығын бұзған құрылысшылардың аты-жөндері анықталды. Тыныштықты бұзу фактісі жөнінде ҚР ӘК 437-бабы тыныштықты бұзу бойынша 7 хаттама толтырылды.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Бұл үй құрылысқа жапсарлас тұр. Сондықтан қауіп бар. Еленаның айтуынша, шенеуніктер оның үйін 2017 жылы сатып алуы тиіс-тін. Бірақ іс созбалаңға салынды. Соңғы рет қала әкімі оны тағы да шақырып, уәдесін берді.

Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

Қазіргі таңда аталмыш үй бойынша тәуелсіз сараптама жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша үйдің иесі не қаржылай өтемақы алады. Не қаржылай ақша көлемінде, не болмаса пәтер ретінде ала алады. Өзінің еркіне байланысты.

Құрылыс компанияның директоры сұхбат беруден бас тартты. Оның қатысуымен қалалық әкімдікте кездесу өтіп, тыныштық орнады. Түнгі құрылысқа тыйым салынды.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы