443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық стационарда ем алып жатқан бір науқастың жағдайы тұрақты ауыр деңгейде

  • 133
  • UPD: 21:59, 23.03.2020
Елордалық стационарда ем алып жатқан бір науқастың жағдайы тұрақты ауыр деңгейде

Кешеден бері елорданың әуежайына шет елдерден 13 рейс келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

1000-нан астам жолаушы бірден стационарға жеткізіліп, сынама тапсырды.

Қазір 9 рейстің жолаушылары тапсырған анализдердің қорытындысы шықты. Шүкір, ешқайсысынан вирус анықталған жоқ. Дегенмен, барлығы 14 күн үй карантинінде, дәрігерлердің бақылауында болады. Қалған жолаушылардың сынама қорытындылары жақын арада шығады. Жолаушылар Дубай, Абу-Даби, Токио, Лондон және Мәскеуден келген. Бұл мәліметтерді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы арнайы брифингте жариялады. Сәуле Қисықованың айтуынша, елордалық стационарда ем алып жатқан бір науқастың жағдайы тұрақты ауыр деңгейде. Тыныс алуы қиындаған соң жасанды өкпе желдеткіші қосылған. Қалған 31 адамның жағдайы қалыпты, дене қызулары жоқ. Жалпы қалада қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.

Сәуле Қисықова, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Қаладағы жұқпалы, провизорлық және карантиндік ауруханада 28 қаңтардан бастап 2519 адам жатқызылған. Оның 116-сы 18 жасқа толмаған балалар. 708 адам ауруханадан шығарылған.

Хабар 24 телеарнасы