445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық ғалымдар антисептикалық сұйықтық әзірлеп шығарды

  • 81
  • UPD: 23:35, 23.03.2020
Қызылордалық ғалымдар антисептикалық сұйықтық әзірлеп шығарды inform.kz

Қызылордалық ғалымдар коронавирусқа қарсы антисептикалық сұйықтық ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде қызылордалық ғалым Нұрбол Аппаз мәлім етті.

«Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы химиялық зерттеулер және технологиялар институты ұжымы антисептикалық (вирусқа және бактерияға қарсы) сұйықтық әзірлеп шығарды. Осылайша, ғалымдар COVID-19 коронавирусы пандемиясына қарсы іс-әрекетке өз үлесін қосты. Сұйықтық хош иіске ие, қолды кептірмейді, керісінше ылғалдандырады. Антисептикалық әсері кемінде 1 сағат сақталады. Медициналық маскаға сеуіп, кептіріп киюге де болады. Құрамы: этанол, глицерин, дист.су, эфир майлары», - деді Н.Аппаз.

Антисептиктің әр флаконы 30 миллилитрге арналған. Оны 20 күнге дейін пайдалануға болады.

Хабар 24 телеарнасы