447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде коронавирус жұқтырған адамның жағдайы бірқалыпты

  • 106
  • UPD: 14:13, 24.03.2020

Қауіпті дерт жұқтырған ақтөбелікпен бірге Мәскеуден келген жолаушылар қаладағы емдеу мекемелерінде жатыр.

Барлығының да денсаулығы жақсы. Дегенмен, бекітілген мерзімге дейін дәрігерлердің бақылауында болады. Науқас әйелдің де жағдайы тұрақты дейді мамандар.

Әнуарбек Мырзатайұлы, тілші:

- Рахмет, бүгінгі күні Ақтөбенің медициналық мекемелерінде 65 адам жатыр. Және үй жағдайында бақылауға алынған 68 азамат бар. 

Олар дәрігерлер мен санитар мамандардың бақылауында. Әзірге өміріне қауіп төніп тұрған дертті жан тіркелмеген. Жалпы алғанда, короновирус инфекциясының қауіптілігі және оның алдын алу туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Көшелерде көліктердің азайғаны байқалады және маска таққан жаяу жүргіншілер көбейген. 

Хабар 24 телеарнасы