432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астаналық ТЖД халықты қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды

  • 494
  • UPD: 14:57, 24.03.2020

Коронавирустан қорғанудың бірден бір жолы үйден шықпай, өзіңізді оқшаулау және жеке бас гигиенасын сақтау.

Азаматтық карантин енгізілгеннен кейін елорда көшелерінде халықтың қарасы азайды. Дегенмен, вирустың таралуына тосқауыл болатын шаралар туралы естімегендер бар. Осыны негізге алған азаматтық қорғау қызметі бүгін арнайы көлікпен тағы да қала көшелеріне шықты. Олар дыбыстық хабарламалар арқылы тұрғындарды аса бір қажеттіліксіз көшеге шықпауға шақырды. Мұндай шаралар осымен төртінші күн қатарынан өткізіліп отыр. Мұндай хабарламалар әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарын қарамайтын адамдарға арналған дейді мамандар. Бұдан бөлек қазір барлық цифрлық телебағдарламалар мен радиотолқындар арқылы да карантин режимі жайында ақпарат таратылуда. 

Бауыржан Сыздықов, қалалық ТЖД бастығы: 

-  Өздеріңіз көшеден байқап, естіп жүрген боларсыздар, бізде құлақтандыру көліктері бар. Қазір сол көліктермен халықты көшелерде, тұрғын алаптарда құлақтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ең бірінші ереже, толық изоляцияда болу керек.  Егер шығуға болмаса болмайтын жағдай ғана туындаған кезде үйден шығу керек. Басқа уақытта үйде отырған дұрыс. Адамдар көп жиналатын орынға бармау керек. Сосын өзінің жеке бас гигиенасын сақтау тиіс.

Хабар 24 телеарнасы