411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында мыңға жуық отбасы баспаналы болады

  • 253
  • UPD: 16:11, 24.03.2020

Алматы облысы бойынша биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасымен мыңға жуық көп балалы, толық емес және мүгедек балаларды асырап отырған отбасыны баспанамен қамту жоспарланып отыр.

Бұл мақсатқа 10 млрд 200 млн теңге қаралған. Аталған бағдарлама бойынша өткен жылы өңірде 500 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлаған еді. «Ал биыл бөлінген қаржы екі есеге дейін көбейді. Демек, екі пайыздық үстемеақымен 25 жылға несие рәсімдеп, үйлі болғысы келетін ел азаматтарына тағы бір тамаша мүмкіндік туып отыр. Ол үшін пәтер құнының небәрі 10 пайызын алғашқы жарна ретінде банкке құю керек. Оның үстіне жергілікті атқарушы билік тарапынан бұл бағдарламаға қатысушыларға 1 миллион теңге көлеміндегі тұрғын үй сертификаттары беріледі» дейді мамандар.

Данияр Ысқақов, облыстық энергетика және ткш басқармасының бөлім басшысы:

 – Жалпы отбасылық табыс 62200 теңгеден аспаған жағдайда «Бақытты отбасына» қатыса алады. Былтыр бұл көрсеткіш 42500 теңге болған. Яғни, былтыр қатыса алмаған азаматтар биыл өтініш білдіріп, қатыса алады.

Хабар 24 телеарнасы