445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында санитарлық талапты сақтамағандар қамауға алынды

  • 39
  • UPD: 19:59, 24.03.2020
Қарағанды облысында санитарлық талапты сақтамағандар қамауға алынды

Қарағанды облысында COVID-19-ды жұқтырған екі адамның денсаулығында жақсы динамика байқалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мәлімдеді. Алайда карантинге жатқызылғандар саны 366 адамға дейін жеткен. Үйден бақыланатындардың саны – 68. Облыстағы 8 мыңға жуық нысан санитарлық-дезинфекциялық режимде тұр. Олардың 15-інен санитарлық талаптардың сақталмағаны анықталған. Осындай олқылық үшін Теміртау қаласындағы сауда үйінің әкімшісі 10 тәулікке қамауға алынды. Аталмыш нысанда кассир медициналық қорғаныс киімдерін кимеген, ал сатып алушылар арасында тиісті қашықтық сақталмаған. Сондай-ақ Қарқаралы ауданының тұрғыны да төтенше жағдай кезіндегі талапты сақтамай, 50-ден астам адамға той жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.  

Хабар 24 телеарнасы