411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдан облыс орталығына кіргендердің барлығы оқшауланады

  • 157
  • UPD: 20:00, 24.03.2020
Алматыдан облыс орталығына кіргендердің барлығы оқшауланады

Алматыдан Талдықорғанға келіп, уақытша тұрып жатқан азаматтардың барлығы оқшауланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге Алатау баурайындағы алып шаһардан облыс орталығына 15 мыңдай адамның кіргені анықталып отыр. Ал қолайсыз мемлекеттерден еліміздің бұл өңіріне барлығы 206 адам келген. Соның 79-ы қазір ауруханада, 27-сі үйінде. Алматы облысы бойынша вирусологиялық тексерулер жасалып, 1 адамнан коронавирустық инфекция анықталғаны белгілі. Науқас Қарасай ауданында ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы бірқалыпты. Алматы мен Талдықорған қаласының іргесіне 20 блок-бекет қойылды. Онда 120 дәрігер эпидемиолог қызмет көрсетуде. Өткен айда 50 маманға 1 айлық жалақы көлемінде сыйақы берсек, осы айда оны 75 дәрігерге тағайындап отырмыз дейді тиісті сала басшылары.

Қайрат Баймұхамбетов, облыстық ТҚКҚСБ департаментінің басшысы:

– Қаулы бойынша Алматыдан келген кісілердің бәрі үйде оқшаулануға тиіс. Полиция қызметкерлері, эпидемиолог дәрігерлер бәрін тексеруге алады.

Хабар 24 телеарнасы