448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық ғалымдар әсері күшті антисептик ойлап тапты

  • 87
  • UPD: 20:05, 24.03.2020
Қызылордалық ғалымдар әсері күшті антисептик ойлап тапты

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары вирустар мен бактерияларға қарсы әсері жоғары антисептик ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл сұйықтықтың артықшылығы – қолды залалсыздандырғаннан кейін ұзақ уақыт бойы күшін жоймайды. Химия ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрбол Аппазов өнертабысын жақын күндері патенттеп, кейін өндіріске ұсынуды жоспарлап отыр. Әзірге ол өз шәкірттерімен бірге университет зертханасында залалсыздандыру сұйықтығының күніне 20 литрін әзірлеп, оқу орны қызметкерлерін қамтамасыз етуде. Дәріханаларда антисептиктердің жетіспеушілігі мен кейбірінің сапасының төмендігін анықтағаннан кейін химиялық білімімізді пайдалы іске жаратуға ниеттендік дейді ғалым. Осылайша олар коронавируспен күрес шараларына үлес қосуды көздеген.

Нұрбол Аппазов, химиялық зерттеу және технологиялар институтының директоры:

– Біз әзірлеп шыққан сұйықтық сол мезетте микроағзаларды жойып, әрі қарай оның эффектісі бірнеше сағатқа дейін созылады. Бірақ біз 1 сағатқа дейін созылатын қасиеті бар деп айтып отырмыз. Және қолды құрғатпай, ылғалдандырып, терінің қасиеттерін де сақтайтын мүмкіндіктері бар.

Хабар 24 телеарнасы