414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулықтар коронавирус жұқтырғандарға көмек ретінде 35 млн теңге қаржы жинады

  • 206
Атыраулықтар коронавирус жұқтырғандарға көмек ретінде 35 млн теңге қаржы жинады

Атырауда тұрғындар коронавирус жұқтырғандарға көмек ретінде 35 миллион теңге қаржы жинады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бизнесмендер Nur Otan партиясының ұйымдастыруымен Елбасы үндеуін қолдап, атыраулықтардың денсаулығын сақтауда қажетті дәрі-дәрмек, азық-түліктермен қамтамасыз ету үшін қаржылық көмек беруді жөн көріп отыр. Біз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ» қана бұл сынақтан аман-есен шығамыз. Сол үшінде осындай қиын-қыстау жағдайда халыққа қолдау көрсетіп, қаржыландыруды жөн көріп отырмыз дейді мұнайлы өңір кәсіпкерлері. Жиналған қаражат коронавирус індетін тойтаруға арналған шараларға жұмсалатын болады.

Ұлықбек Тінәлиев, қала әкімінің орынбасары:

– Жалпы бүгінгі таңда 13 млн теңге аударылды. Оның 10 млн-ы аз қамтылған отбасыларына азық-түлік және медициналық препараттарды алуға жұмсалады. 3 млн-ы дезинфикциялық жұмыстарға осы аялдамаларды, басқа да әлеуметтік нысандарды залалсыздандыруға бөлінді. Онан бөлек, бұл қаражат басқа да қажетті жұмыстарға жұмсалатын болады.

Хабар 24 телеарнасы