411,57 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда соңғы бір тәулікте коронавирустан 743 адам көз жұмды

  • 177
  • UPD: 09:50, 25.03.2020
Италияда соңғы бір тәулікте коронавирустан 743 адам көз жұмды

Италияда жағдайдың оңалар түрі жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір тәуліктің ішінде қауіпті вирустан 743 адам қайтыс болып, тағы 3612 адамда осы диагноз анықталып отыр. Осылайша, көз жұмғандардың жалпы саны 7 мыңға жуықтады. Вирустың қауіптігі сонша, қайтыс болған науқастардың туған-туыстары марқұммен жөнді коштаса алмай отыр. Өйткені халық оны ақтық сапарға шығарып салу мүмкіндігінен айырылып отыр. Жергілікті билік аймақта карантин талаптарын бұзған әрбір тұрғын қатаң жазаланатынын айтты. Енді ережеге бағынбағандарға 3 мың еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы