411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында көктемгі егіске дайындық жұмыстары басталды

  • 196
  • UPD: 11:01, 25.03.2020
Қостанай облысында көктемгі егіске дайындық жұмыстары басталды

Қостанайлық диқандарды биыл топырақта ылғалдың молдығы қуантады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтырғы көлемнен екі есе көп өнім алуға мүмкіндік бар деген болжам айтады. Оған негіз де жоқ емес. Тұқым қоры жеткілікті, техника паркі сақадай-сай. Мемлекет қолдауының да септігі мол. Мысалы биыл Әулиекөл ауданына көктемгі егіске ғана жеңілдетілген бағамен 3 мың 450 тонна жанармай бөлінген. Оның сыртында элиталық тұқымға 70%, бірінші санатты тұқымға 50% субсидия беріледі. Сондай-ақ фунгицид сияқты улы химикаттар алуға алғашқы рет 50%-тік көмек қаржы қаралып отыр. «Жақында жарияланған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер салығынан босату туралы Үкімет қаулысы да үлкен демеу», - дейді қостанайлық диқандар.

Серік Мұқанов, шаруа:

- Жер салығынан босатамыз деп жатыр. Оның өзі біздің өзіміздің ұжымға көп жеңілдік болайын деп тұр. Біз жылына 600-700 мыңдай салық төлейтінбіз. Одан босатса, біраз көмек, ол қаражатқа біз жанар-жағармай алсақ та көмек болайын деп тұр.

Хабар 24 телеарнасы