422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде қайырымдылық челленджі басталды

  • 979
  • UPD: 16:58, 25.03.2020
Елімізде қайырымдылық челленджі басталды

Іс-шараның мақсаты –  зейнет жасындағы және халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын, сондай-ақ карантиндегі медициналық мекемелерді қосымша жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету.

Акцияға отандық жеңіл өнеркәсіп саласының 200-ден астам өкілі атсалысты.

«Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша «ALTYN OIMAQ» ұлттық байқауы Қазақстандағы жүздеген дизайнердің басын біріктіреді. Ниетіміз, ел басына түскен қазіргі қиын кезеңде өз үлесімізді қосып, індетті жұқтыру қаупі жоғары азаматтарға көмектесу. Акция еліміздің үш қаласында – Ақтөбе мен Көкшетау, Таразда басталды», – деді «Тұрақты даму және əйелдер кəсіпкерлігін қолдау қоры» қоғамдық қорының басшысы Динара Аллаберген.

Ақтөбе қаласында эстафетаны «ПО Глобал-спецодежда» фабрикасы бастады. Компания өз өндірісіндегі медициналық бетперделерді таратты. Акция аясында Ақтөбеде 500 дана медициналық бас киім, 500 дана медициналық бетперде, 150 дана қорғаныс комбинезоны, 200 дана қорғаныс көзілдірігі, 100 дана медициналық халат, сондай-ақ жалпы сомасы  1 500 000 теңге болатын кір сабын мен орамалдар сатып алынып, таратылды.

Таразда 2000-нан аса медициналық бетперде балалар үйіне, қарттар үйіне және вокзал жұмысшыларына, сондай-ақ медициналық мекемелер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне таратылды. Әрі қарай бұл шара Қазақстанның басқа қалаларында да жалғасын табады.

Көкшетау қаласында 3000-нан астам медициналық бетперде халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына тарату мақсатында жергілікті әкімдікке тапсырылды.

Аталмыш іс-шара еліміздің Қазақстан Республикасы Іскер әйелдер кеңесінің өңірлік өкілдіктерінің мұрындық болуымен қолға алынды.

Акция ұйымдастырушылары: «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі, «Тұрақты даму және əйелдер кəсіпкерлігін қолдау қоры» ҚҚ, Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша «ALTYN OIMAQ» жобасы.

Анықтама:

2018 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП, Іскер әйелдер кеңесінің өңірлердегі басшыларының жетекшілігімен әйелдер кәсіпкерлігінің тұрақты дамуына бағытталған жобаларды іске асыру мақсатында Тұрақты даму және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры құрылды.

Жеңіл өнеркәсіптің дамуына бағытталған республикалық «ALTYN OIMAQ» жобасы отандық өнімді ішкі және сыртқы нарықта жылжыту тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

2019 жылдың желтоқсанында «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі, Тұрақты даму және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоғамдық қоры 13 аймақтық салалық қауымдастықтармен ынтымақтастық және серіктестік туралы хартияға қол қойды. Хартияға Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қосылды.

2020 жылы 4 наурызда дизайнерлердің «ALTYN OIMAQ». Ұлттық байқауы басталды. Байқау мақсаты – отандық сән индустриясын дамыту және ұлттық мәдени дәстүрлерді сақтау, насихаттау. Жоба жаңа есімдер мен брендтерді ашуға және қолдауға, сонымен қатар өндірістік кәсіпорындар мен дизайнерлерді біріктіруге бағытталған.

Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: +7 778 863 7360

Web-site: altynoimaq.kz

Хабар 24 телеарнасы