435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркиядан тағы 335 қазақстандық елге қайтарылды

  • 203
  • UPD: 13:16, 25.03.2020
Түркиядан тағы 335 қазақстандық елге қайтарылды

Түркиядан тағы 335 отандасымыз елге қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық дипломаттар түрік әріптестерінің көмегімен осындай мүмкіндікке қол жеткізді. Олар бүгін таң алдында ұшып келді. Бұл туралы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат хабарлайды. Келгендердің ішінде басым көпшілігі студенттер, осы елде жұмыс істеушілер мен өзге мемлекеттерден транзиттік жолмен келген жолаушылар. Десе де, тағы жүздеген отандасымыз жұмыс, оқу және басқа да себептермен Түркияда өз еркімен қалып отыр.

Айта кетерлігі, 21 наурыз күні Түркия Қазақстанмен азаматтық әуе қатынастарын тоқтатқан. Дегенмен, қазақстандық дипломаттардың қолдауымен елге соңғы 3 күнде 800-ден астам азаматымыз оралыпты.

Жігер Окан-Биидақымет Аманжол, студент:

Түркияда орын алған жағдайға байланысты елге оралу қажеттілігі туындады. Бірақ анам жалғызбасты болғандықтан, билет ала алмадық. Алайда, Елшілік пен Бас консулдықтағы ағаларымыз бізге қол ұшын созды.

Хабар 24 телеарнасы