445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыдағы ең ірі диірмен карантиндегі қалаларға ұн жөнелтіп жатыр

  • 92
  • UPD: 13:56, 25.03.2020
Қарағандыдағы ең ірі диірмен карантиндегі қалаларға ұн жөнелтіп жатыр

Қарағандыдағы ең ірі диірмен тәулік сайын Нұр Сұлтан қаласына 40 тонна, ал Алматы шаһарына 70 тонна ұн жөнелтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар еліміздің өзге өңірлерін де қамтамасыз етуде. «Қамбада астық жеткілікті, сондықтан алаңдауға негіз жоқ», - дейді кәсіпкер Дос-Мұқасан Тәукебаев.

Айта кету керек, қазір республикада астық өндіретін 260-қа жуық кәсіпорын бар. Оның 34-і Қарағанды өңірінде орналасқан. Бұл 260 диірмен жылына 12 миллион тонна ұн өндіре алады. Ал Қазақстан халқы бар болғаны жылына 1 миллион 800 мың тонна тұтынады.

Дос-Мұқасан Тәукебаев, Астық өндірушілер қауымдастығының мүшесі:

- Көптеген өсек, қауесеттер жүр, ертең диірмендер тоқтап қалады, аштық болады, ұн болмай қалады, тамақ болмай қалады деген. Оның бәрі өтірік, мен үзілді-кесілді қарсымын. Бізде астық та, ұн да жетеді. Еліміздің тұтынатын бар болғаны жылына 1 миллион 800 тонна астықты біз өте бір қысқа мерзімде жауып бере аламыз.

Хабар 24 телеарнасы