443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл сарыағаштық шаруалар ағын судан тапшылық көрмейді

  • 120
  • UPD: 14:02, 25.03.2020
Биыл сарыағаштық шаруалар ағын судан тапшылық көрмейді

Биыл Сарыағаш ауданының шаруалары ағын судан тапшылық көрмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені мұндағы каналдар кезең-кезеңімен бетондалып жатыр. Солардың бірі – Жібек жолы және Қабланбек ауылдық округтерін кесіп өтетін ұзындығы 18 шақырымды құрайтын «Қожахан» каналы. Бүгінде мұнда құрылыс жұмыстары қыза түскен. Жоба құны – 1 млрд 55 млн теңгені құрайды. Тапсырыс беруші Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы. Бұл канал іске қосылғанда Сарыағаш ауданындағы 1300 гектар аумақты ағын сумен қамтамасыз етеді. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың желтоқсан айында толық аяқталады деп күтілуде. «Бұған дейін каналдың су өткізу қабілеті секундына 5 текше метрді құраса, канал бетондалғаннан соң секундына 7 текше метрге дейін жетеді», - дейді мамандар. Жалпы Сарыағаш ауданында 9 мың гектар суармалы жер, ірілі-ұсақты 20 канал бар.

Естеріңізде болса, өткен аптада өңірге жұмыс сапары кезінде «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек судан таршылық көріп отырған ;етісайлық диқандардың шағымын тыңдап, жауаптыларға су мәселесін тездетіп шешуді тапсырған болатын.

Нұрғали Арызқұлов, «Сарыағаш су шаруашылығы» директорының орынбасары:

- Бетондалмаса су сіңіп кетеді, су өту қабілеті төмен болады. Осы бетоннан кейін 30% су үнемді болады. Көлемі көбейеді. Бетондалғанның пайдасы 200 гектар жер, қайта айналымға қосылады. Жалпы 1500 гектар толығымен сумен қамтылады.

Хабар 24 телеарнасы