412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы тұрақты

  • 406
  • UPD: 15:25, 25.03.2020
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы тұрақты

Жамбыл облысында COVID-19 індетін жұқтырған науқаспен 13 адам қарым-қатынаста болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жедел тексеруден өткізіліп, 6-ның талдаулары коронавирусқа теріс қорытынды берді. Қалған 7 адам бойынша талдау нәтижесі шыққан жоқ. Тексеру әлі жүріп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшының мәлімдеуінше, 29 жастағы азамат Қырғыз еліне кептірілген жеміс-жидекке барған. Ол жүк көлігімен көрші елдің аумағына 22 наурызда түнде өткен көрінеді. Жүргізуші Бішкек қаласына 15 шақырым жерден жүк тиеп, кері қарай 23-і күні қайтқан. Дәрігерлер «қазір науқастың жағдайы тұрақты» деп отыр. Ал онымен қарым-қатынаста болған тұрғындар қатаң бақылауға алынып, карантинге оқшауланды.

Айта кету керек, жалпы Жамбыл өңірінде қазір 95 адам карантинде.

Марат Жұманқұлов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Дәлелдеу, зерттеу мақсатында қосымша Алматы қаласындағы вирусологиялық лобараторияға тағы да жіберіліп отыр. Азаматпен тығыз қарым-қатынаста болған адамдар бүгінде түгелдей анықталды. Олардың барлығы медициналық бақылауда. Тұрғылықты жерінде, ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Тиісті шаралар белгіленген алгоритм бойынша жасалды.

Хабар 24 телеарнасы