412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Волонтерлер елордадағы 46 мың қарияға тегін дәрі-дәрмек жеткізіп береді

  • 327
  • UPD: 15:25, 25.03.2020
Волонтерлер елордадағы 46 мың қарияға тегін дәрі-дәрмек жеткізіп береді

Тізімге диспансерлік есепте тұрғандар мен амбулаториялық ем қабылдап жатқандар енген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басты мақсат – карантин уақытында егде азаматтардың қоғамдық орындарға шықпауына жағдай жасау. Қалалық әкімдік өтініштерді iKOMEK қызметі арқылы қабылдап жатыр. Ол үшін 109 нөміріне хабарласу керек.

Экранда көрсетілген ұялы қосымшалар мен әкімдіктің ресми сайты арқылы да өтініш қалдыруға мүмкіндік бар. Тек жеке сәйкестендіру нөміріңізді, мекенжай және ұялы телефон нөмірін қалдыру қажет. Сондай-ақ, керекті дәрілер тізімі сұралады. Айта кетейік, "iKOMEK" операторлары күн сайын келіп түскен өтініштерді емханаларға жібереді. Ал еріктілер өз кезегінде тізімдегі адамды тегін дәрімен қамтитын болады.

Жаннат Дүбірова, «iKOMEK109» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының жетекшісі:

- Волонтерге арнайы парақша беріледі. Ол онда дәрі-дәрмек салынған қапшықты алып, иесіне жеткізіп бергенін растап, қол қояды. Күн сайын кешкі сағат 18:00-де атқарылған жұмыс бойынша есеп беріледі. Кейде өтініш қалдырған адамдардың диспансерлік есепте тұрмағаны үшін тиісті дәрілер берілмей жатады. Оны да ескереміз

Хабар 24 телеарнасы