411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бас санитар дәрігердің бұйрығымен қауіпті елдердің санаты өзгерді

  • 353
  • UPD: 15:30, 25.03.2020
Бас санитар дәрігердің бұйрығымен қауіпті елдердің санаты өзгерді

Карантин кезінде қабылданған шараларды орындамай, тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті ережені ескермей, аурудың таралуына себепкер болған адамның үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағанбетова мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір елде індеттің таралуын тежеу үшін дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ карантинге жабылған қос қаладағы бақылау-өткізу бекеттерінде санитарлық дәрігерлер жұмыс істейді. Бұдан бөлек, Бас санитар дәрігердің бұйрығымен қауіпті елдердің санатына өзгеріс енгізілген.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Мемлекеттік Бас санитар дәрігер:

- Барлық ел екіге яғни 1 «А» және 1 «Б» санатына бөлінді. «А» санатындағы елден жеткізілген азаматтар міндетті түрде 14 күн карантинге жатқызылады. 1 «А» санатына бұған дейін 5 ел кірген еді. Енді тағы алты мемлекет қосылды. Олар: Малайзия, Үндістан, Шри-Ланка, Таиланд, Египет және Біріккен Араб Әмірліктері. Қалған елден келгендер 24 сағат карантинге алынады. Осы аралықта олардан қан сынамасы алынып, тексеріс жүргізіледі. Егер ауру белгілері анықталмаса, үй карантиніне жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы