430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауға Амстердамнан ұшып келген студенттерден коронавирус табылған жоқ

  • 546
  • UPD: 16:20, 25.03.2020
Атырауға Амстердамнан ұшып келген студенттерден коронавирус табылған жоқ

Атырауға Амстердамнан оралған 18 студенттен коронавиурс табылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше, 24 наурыз кешкі сағат 20:30-да Атырау халықаралық әуежайына Амстердамнан бортында қазақстандық 18 студент бар ұшақ келіп қонды.

Олар – еліміздің әр қаласында тұратын, Еуропада оқитын жастар.

«Олардың бәрі коронавирусқа қарсы жедел тестілеуден өтті. Содан соң арнайы дайындалған оқшаулау аймағындағы жатақханаға жайғасты. Бүгін Еуропадан оралған студенттерден алынған тест қорытындысы теріс нәтиже көрсетті. Демек, қазақстандық студенттерден коронавирус инфекциясы табылған жоқ» – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Аслан Жеңісұлы.

Студенттер бүгін кешке арнайы оқшаулау аймағынан шығарылады.

 

Хабар 24 телеарнасы