447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қоғамдық көлік қозғалысы толық тоқтатылуы мүмкін

  • 89
  • UPD: 16:20, 25.03.2020
Елордада қоғамдық көлік қозғалысы толық тоқтатылуы мүмкін

Карантин салдарынан Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CTS компаниясына сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы жедел штаб шешімімен 2020 жылғы 26 наурыздан бастап қоғамдық көліктің жұмыс кестесі өзгереді. Автобустардың жұмыс кестесі енді 21:00-ге дейін емес, 19:00-ге дейін болады.

Сонымен қатар, 28 наурыздан бастап карантиндік аймаққа кіретін қала маңындағы барлық бағыттар тоқтатылады. Олар: Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды, Қызылсуат, Ы. Алтынсарин, Нұрлы ауылдары (№№ 301, 302, 303, 304, 306, 307, 313, 314, 319, 320, 321, 322, 326). Оған дейін, 21 наурыздан бастап карантин аймағына кірмейтін қала маңындағы Ақмол, Қабанбай батыр, Р. Қошқарбаев, Максимовка, Воздвиженка, Аршалы, Жалтыркөл, Софиевка, Малотимофеевка және Шұбар (№№ 300, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 315, 316, 317 және 318) ауылдарына автобустар тоқтатылды.

 Шектеу шаралары мен өзгерістер карантин аяқталғанға дейін енгізіледі.

«Бүгінде автобуста қолма-қол ақысыз төлем жасау – 98 пайыз. COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында жолаушыларға ақысыз төлем түрлеріне өтуге кеңес беріледі. Барлық тарифтік жоспарларды және көліктік карталарды біздің кассаларымыздан, RTVM-автоматтарынан, лезде толтыру пунктерінен және City Transportation Systems қашықтық сервистерінен толықтыруға болады. Қашықтан толтыру орындарын, сонымен қатар SMS және QR талаптары www.transcard.kz сайтында көрсетілген. Карантиндік шаралар қатаңдатылған жағдайда, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға арналған жедел штабымен қоғамдық көлікті толықтай тоқтату туралы мәселе көтерілуі мүмкін», – делінген ақпаратта.

 

Хабар 24 телеарнасы