435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда карантин ережелерін бұзған 39 адам қамауға алынды

  • 584
  • UPD: 16:51, 25.03.2020
Алматыда карантин ережелерін бұзған 39 адам қамауға алынды

Алматыда карантин ережелерін бұзғаны үшін 39 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, шекарадан 73 адам өтіп кеткен, 11 кәсіпкерлік субъектісі жауапкершілікке тартылды.

«Карантин режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 476-бабы бойынша 84 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 39-ы қамауға алынды. Мысалы, 2020 жылдың 23 наурызында карантин аймағының шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен П. есімді адам екі тәулік мерзімге қамауға алынды», – деді қала прокуратурасының өкілі.

Сондай-ақ, құжатсыз және қымбат бағаға медициналық маскаларды сатқан 9 дерек анықталғаны туралы хабарланды.

«4 миллионнан астам маска тәркіленді, олар Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасына берілді», – делінген хабарламада.

Прокуратура төтенше жағдай режимін бұзғандар туралы деректерді мына телефондар бойынша хабарлауға болатынын еске салды: +701-172-27-07, +7-701-755-06-99, кезекші прокурордың телефоны: +7 (727) 265-03-03-03 немесе Алматы, Желтоқсан даңғылы 189 мекен-жайына барса болады.

Хабар 24 телеарнасы