413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

  • 224
  • UPD: 18:29, 25.03.2020
Ақтауда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Ақтауда коронавирус инфекциясына қатысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Халық көп жүретін маңызды орындарды дезинфекциялау жұмыстары басталды. Бүгін 21 мың шаршы метрді құрайтын «Ынтымақ» алаңы, көлемі 20 мың шаршы метр «Жеңіс» сквері мен 2 шақырымдай теңіз жағалауы залалсыздандырылып жатыр. Арнайы жуу құралдары мен «Рубеж» дезинфекциялық ертіндісі бар жеке газсыздандыру жинақтарын пайдалануда. Ерітінділер адам мен жануарлар үшін қауіпсіз, дейді мамандар. Тазалық жұмыстарына арнайы даярлықтан өткен Қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері көмекке келді. Сонымен қатар жағалауға дыбыс ұлғайтқыш құрылғылар орнатылды. 

Гюльчимен Примова, дезинфектор:

- Бұл тазалық жұмыстары бүгіннен бастап күнде таңғы сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін жүргізіледі. Біз сонымен қатар жағалауда, алаңда, базарда жүрген тұрғындарға сақтық шараларын айтып, барынша түсіндіріп жатырмыз. 3-4-тен артық адамның жиналып тұруына болмайды. Сонымен қатар 1-2 метр ара қашықтықты сақтап жүрген дұрыс. Маска киіп, қолды жиі жууды ұмытпаған жөн.

Хабар 24 телеарнасы