426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда тәулігіне 85 мың медициналық маска тігіледі

  • 414
  • UPD: 21:55, 25.03.2020

Елімізде төтенше жағдай кезінде қабылданған шараларды елемеген 94 адам жауапқа тартылып, 64-і қамалды. Бұл туралы еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Тіклей эфирде өткен брифингті министр жағымды жаңалықтан бастап, ақ халаттыларға алғыс айтты.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Екі емделуші коронавирустан айықты. Қазір олар соңғы тексеру сараптамаларын тапсыруда. Бұйыртса, ауруханадан ертең шығады. Ең алдымен – бұл дәрігердің жанкешті еңбегінің жемісі. Сондықтан үкіметтің және барша қазақстандықтардың атынан медицина қызметкерлері мен Денсаулық сақтау министрлігінң қызметкерлеріне алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. 

Әлемді алаңдатқан аурудан жазылып шығу үлкен жеңіс. Десе де, босаңсуға болмайды. Өйткені КОВИД-19 елдің өзге өңірлеріне таралып жатыр. Сондықтан карантин жарияланған қос қаладағы бақылау өткізу бекеттерінде тәртіп күшейді. Бүгінде Нұр-Сұлтан мен Алматыға жергілікті әкімдіктер бекіткен яғни азық-түлік пен дәрі дәрмек жеткізетін көліктер ғана кіріп шыға алады. Қалғанына жол жабық. 

ТЖ кезінде еңбекақысы сақталмай демалысқа шыққандарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қаржы төленеді.  Оның сомасы еліміздегі ең төменгі жалақымен тең.

Айта кету керек, көмек алу үшін жұмысшының атынан мемлекеттік әлеуметтік қорға соңғы үш айда қаржы аудырлған болуы шарт. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Әлеуметтік төлем тек шағын, орта және микробизнес саласында жұмыс істейтін азаматтарға ғана төленеді. Жаңа әлеуметтік төлем тағайындау үшін жұмыс беруші жергілікті жердегі жұмыспен қамту орталығына барып, төтенше жағдайға байланысты табысының азайғанын және жұмысшылардың жалақысыз қалғанын дәлелдеуі тиіс. Ал төтенше жағдайға байланысты жұмыстан қысқарып кеткен азаматтар еңбек өтіліне қарай 1дан алты айға дейін әлеуметтік төлем алуға құқылы. 

Жалпы төтенше жағдай кезінде қабылданған шараларға халық түсіністікпен қарап жатыр. Десе де аурудың қаупін ескермей, жиын той өткізіп жатқандар да жоқ емес. Сондықтан министр жұртшылықты заң талаптарын орындап, қоғам денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Шектеулерге қарамастан барлық өңірлерде тойлар мен жиындар, салтанатты шаралар әлі де өткізіліп жатыр. Кафелер мен интернет клубар балаларға арналған. 

Карантин кезінде халықты азық-түлікпен толық қамту үшін 9 түрлі тауарды экспорттауға тыйым салынды. Сондай-ақ елде тәулігіне 85 мыңдай батперде тігіліп, өңірлерге таратылып жатыр. Сондықтан тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ деп сендірді министр.

Хабар 24 телеарнасы