445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Көкшетау минералды сулары» зауыты медицина мекемелеріне «Тұран» суын тегін таратып жатыр

  • 59
  • UPD: 21:47, 25.03.2020

«Көкшетау минералды сулары» зауыты дәрігерлер мен науқастарды қолдау мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы медицина мекемелеріне бөтелкелердегі «Тұран» суын тегін таратып жатыр. «Asia Waters» компаниясы мұндай қайырымдылықты вируспен күресіп жатқан ауруханаларға жасауда. Айта кетейік, қазір аталған екі қалада жүздеген адам стационарлық карантинде жатыр.

Жүк көлігіне тиеліп жатқан бұл сулардың зауыттың басшылығынан бастап, барлық жұмысшылары үшін орны бөлек. Себебі, олардың бәрі, мұның қайырымдылыққа жолданатынын жақсы біледі. Міне, елорда мен Алматыға жіберілетін 6 мың бөтелке судың алғашқы легі де жолға шыққалы тұр. 

Станислав Максимец, «Көкшетау минералды сулары» зауытының директоры:

- Дәрігерлер қауіпті вирустың алдын алу үшін қолды көп жуып, жиі-жиі су ішуге кеңес береді. Міне, сол үшін біз коронавируспен күндіз-түні күресіп жатқан медицина мамандарының өздеріне қол ұшын созуды жөн санадық. Су, екі қалаға алдағы күндері жеткізіледі.

Көкшетаудан түске таяу жолға шыққан алғашқы жүк көлігі кешке қарай астанаға да келіп жетті. Қайырымдылық көмек, алдымен бас шаһардағы балалар ауруханасының біріне үлестірілді. Онан соң тағы екі емдеу мекемесіне жеткізілді. Ал, «TURAN» суы Алматыға алдағы күндері барып қалады, - дейді, зауыт басшылығы. Айтуларынша, гуманитарлық көмек 60 тоннамен шектелмейді. 

Руслан Годунов, «Asia Waters» компаниясы бас директорының орынбасары:

- Біз ауруханаларға қанша көлемде су қажет, сонша жеткізуге дайынбыз. Ең бастысы, науқастар сауығып, елдегі жағдай қалыпқа келсе болды. Қалалардың шекаралары ашылып, халық баяғыдай емін-еркін өмір сүрсе дейміз. 

Шетелдік және отандық білікті мамандардың айтуынша, «TURAN» суы – құрамында артық қоспасы аз, адам ағзасына қажетті минералдарға бай нағыз табиғи ауыз су. Осы тұста айта кету керек, өткен жылы аталған судың ғарышкердің ағзасына қалай әсер ететіні зерттелді. Төрт айға созылған жұмыстардың нәтижесінде тұтынушының денсаулығы 14 процентке жақсарғаны байқалған. Сондықтан «TURAN» суы науқастарға шипа, ал дәрігерлерге қуат болары сөзсіз дейді зауыттағылар.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Хабар 24 телеарнасы