445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да шет елдерден келген 148 адам бақылауда

  • 75
  • UPD: 09:19, 26.03.2020
БҚО-да шет елдерден келген 148 адам бақылауда

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауру белгілері анықталған жағдай тіркелмеген. Дәрігерлер өзге елдерден келген 148 адамның жағдайын бақылауға алған. Олардың 24-і 1А санаттағы, ал 124-і 1Б санаттағы елдерден келіпті. Олардың барлығының жағдайы қалыпты, медициналық бақылау шаралары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы