427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалықтар коронавирустан қаншалықты сақтанып жүр

  • 319
  • UPD: 12:02, 26.03.2020

Елімізде коронавирус пандемиясына байланысты мәдени орталықтар, мемлекеттік мекемелер жабылып, адамдардың қоғамдық орында жиналуына тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көшелерді зарарсыздандыру жұмыстары жүруде. Дей тұрғанмен қаланың кейбір тұрғындары реті келсе, бір серуендеп алуды да ойлайтын секілді. Бейқамадық па бұл?

Елімізде коронавирус пандемиясына байланысты мәдени орталықтар, мемлекеттік мекемелер жабылып, адамдардың қоғамдық орында жиналуына тыйым салынды.

Елордада коронавирус инфекциясының таралуын тежеу үшін залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала көшелері, тротуарлар, аялдамалар және басқа да қоғамдық орындар арнайы сұйықтықпен күнделікті тазаланады. Бүгінде әлеуметтік маңызы бар жүзге жуық нысан, орталық көшелер және бірнеше аялдама жуылды.

Əбдіманап Жұмаділдаев, «Қоршаған ортаны қорғау жəне табиғатты пайдалану» ММ басшысының орынбасары:

– Кешке дейін жалғасады. Салқын түскенге дейін жұмыс жасаймыз. Күніне 250 -280 адам шығады.

Кеселден қорғанудың бірден бір жолы – өзіңді оқшаулап, жеке бастың тазалығын сақтау. Осы тұста елордалықтар індеттің алдын алу үшін қандай шаралар қабылдап жатыр.

БЛИЦ:

– Құдайға сеніп жүрміз. Қорықпаймын.

– Масканы далада кимеймін. Тек іште киемін.

– Сыртта кимеймін. Антисептикті қолданамын.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына үндеу жасаған болатын. Ол коронавирусқа қарсы күресте Қытайдың тәжірибесін қолдануды ұсынып, кез келген заңбұзушылықтың қатаң жазаланатынын ескертті.

Алтай Көлгінов, қала әкімі:

– Карантин ерте аяқталсын десек, тәртіпке бағынып, жауапкершілікті терең сезінуіміз керек.

Мұндайда жұмыла көтерген жүк жеңіл. Еріктілер қиын қыстауда мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жатыр.

Іргеден індет шықса, бізге де оңай болмайтыны белгілі. «Сақтансаң, сақтаймын» дегенді әрбіріміз қаперімізден шығармасақ екен.

Авторлары: Наргиз Бекмаганбетова, Ермек Кеншімбек

Хабар 24 телеарнасы