423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда иммунитетті көтеретін сүт өнімдері шығарылып жатыр

  • 528
  • UPD: 09:42, 26.03.2020
Қарағандыда иммунитетті көтеретін сүт өнімдері шығарылып жатыр

Қарағандылық азық-түлік өндірушілер әлемді жайлаған қатерлі вируспен күресті бастап кетті.

Қазір сүт өндіретін фабрика өкілдері өз өнімдерінің құрамына аса қажет дәрумендерді қосып сатуда. Технологтар осылайша иммунитеті мықты адамның ағзасы вирусқа төтеп беретініне сенімді. Мұнда тек тәулігіне шамамен 40 тонна сүт өнімдері дайындалады. Шығарылған тауар тек Қарағанды емес, Қазақстанның өзге қалаларына да жөнелтіледі. Мысалы қазір карантинге жабылған елордаға тәулік сайын 15 тонна дәруменге бай айран, йогурт, қаймақ жеткізіледі.

Ерлан Әшім, сүт фабрикасының директоры:

– Біз әрине тағам шығарамыз. Бұл қандай вирус, қоғамға, елге біздің тағамдарымыз арқылы қандай көмек бере аламыз деп зерттей бастадық. Сосын мынадай шешімге келдік. Қазір авитаминоз кезінде, наурыз, сәуір айларында ең керегі – иммунитетті нығайту. Сосын біз бірнеше өнімге витамин қосу туралы шешім қабылдадық. Әрине экономиканы қарасақ баға қосылды, бірақ біздің көмек осы болсын деп біз тауар бағасын көтермедік.

Хабар 24 телеарнасы