445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда сотталған қазақстандықтың жазасы жеңілдетілді

  • 54
  • UPD: 14:23, 26.03.2020

Бүгін Оңтүстік Кореяда абақтыға қамалған Қазақстан азаматының жазасы жеңілдетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 2019 жылдың қыркүйек айында Чанвон қаласында жеті жасар баланы қағып кеткен болатын. Ал қаңтар айында сот Сырымды екі жарым жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Сотталушының адвокаты бұл жазаны тым қатал деп танып, аппеляцияға береді. Сондай-ақ елшіліктің қызметкерлері оңтүстіккореялық сыртқы істер министріне және прокуратураға бұл істі қайта қарау жөнінде өтініш білдірген. Бүгін судья жиырма жасар Сырымды екі жылға түзету жұмыстарына жіберу туралы қайта үкім шығарды. Қазақстандық өткен жылдың қазан айынан бері тергеу изоляторында отырғанын ескерсек, енді ол тағы бір жарым жыл жазасын өтейді. 

Айта кетейік, бұл іс қоғамда дүрбелең тудырған еді. Өйткені еліміздің азаматы Чанвон қаласында заңсыз жүрген және көлік апатынан соң ізін суытқан.

Айта кетейік, зардап шеккен баланың ата-анасы сотқа қатыспады. Адвокаттың айтуынша, баланың әкесімен кездесе алмапты.

Чой Хак Се, адвокат:

– Сот түрмеде отырған Сырымның болған іске өкінгеніне мән берді. Шетелдік азамат ретінде басқа мемлекетте темір торға қамалғаны ол үшін қиын болады. Оның отбасына да ауыр тиеді. Сырым – үйінің жалғыз асыраушысы. Оның әкесі қатерлі ісіктен қайтыс болған. Ал анасының бауырына ота жасалған.

Хабар 24 телеарнасы