445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да антисептик өндірісі қолға алынбақ

  • 35
  • UPD: 09:48, 26.03.2020
ШҚО-да антисептик өндірісі қолға алынбақ Литер

Отандық антисептик өндірісі Шығыс Қазақстан өңірінде де қолға алынуы мүмкін.

Өлкеде қазір сынап көру мақсатында алғашқы қадам басталып та кетті. Осылайша техникалық жоғары оқу орны зертханасында өнімнің алғашқы мың литрі әзірленді. Бұндағы ғалымдардың айтуынша, барлық процесс Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған рецептке негізделген. Яғни құрамында спирт, сутек тотығы және глецирин бар.

Алдымен ғалымдар бұл залалсыздандыру сұйықтығын өз оқу орны ішінде мұғалімдер мен студенттерге таратпақ. Сонымен қатар мұқтаж адамдар мен балалар үйі сынды мекемелерге де тегін беруге әзір. Сонымен қатар COVID-19 инфекциясына қарсы штабпен бірлесе жұмыс істеуге ниетті. Сөйтіп болашақта кәдімгі өндіріс желісін іске қоспақ.

Олег Гавриленко, университет проректоры:

– Бұл өзіміздің қордағы өнімдерден жасалды. Негізінен осы жердегі қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтауға арналған. Дегенмен жасалу жолы, технологиясы – барлығы бір жолға қойылған. Сондықтан қажетті құрамдас заттар жеткілікті болса, мемлекеттік тіркеуден өтіп, антисептик өндірісімен айналыса аламыз.

Хабар 24 телеарнасы