431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда жазасын өтеушілер бетперде тігуде

  • 343
  • UPD: 10:09, 26.03.2020
Атырауда жазасын өтеушілер бетперде тігуде Ақ Жайық

Атырауда әйелдер колониясындағы жазасын өтеуші нәзікжандылар ерікті түрде маска тігіп, игі іске атсалысуда.

Сауапты бастама бір айға жалғасады. Қорғаныш бетперделері тәртіп сақшыларына тегін таратылмақ. Ине жібін сайлаған 12 тігінші күніне 1000 маска дайындайды.

Айта кетейік, пандемияға байланысты колониядағы  сақтық шаралары күшейтілді. Мұндағыларға туған-туыстарымен кездесуге уақытша тыйым салынған.

Ольга Володина, жазасын өтеуші:

– Біз қайда болсақ та, өз еліміздің патриотымыз. Бостандықта біздің туыстарымыз, достарымыз бар. Сондықтан бір-бірімізге көмектесуіміз керек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы