411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі тұрғын үйлерде дезинфекция жұмыстары жүріп жатыр

  • 180
Ақтөбедегі тұрғын үйлерде дезинфекция жұмыстары жүріп жатыр Рател.кз

Ақтөбеліктер індеттің алдын алу жұмыстарына атсалысып жатыр.

Өздері тұратын үйлердің ауласы мен подъездерді күн сайын тазалайды. Көп қабатты ғимараттағы баспалдақ, жеделсаты және пәтерлер алдындағы шағын алаң тұрғындардың ортақ мүлкі болғандықтан, олар бұл іске кезектесіп кірісуде. Сыртқы есіктен бастап еден және лифт зарарсыздандыру сұйықтығымен жуылады. Қауіпті дерттің үй ішінде таралмауы үшін қандай жұмыс атқарылуы керектігін бұған дейін санитар мамандар түсіндірген. Ал тазалықтың сақталуын полиция қызметкерлері бақылауға алған. Күн сайын 100-ден астам учаскелік инспектор қаладағы көп қабатты және жеке сектордағы үйлерде жүргізілген дезинфекция жұмыстарын қарайды. Кемшіліктер анықталса, шара қолданылады. 

Жиенбай Әлекенов, Пәтер иелері кооперативінің жетекшісі:

– Әркім өздерінің инициативасымен келіп, «бізге беріңдер» деп, бәріміз істеп жатырмыз. ПИК-тен керек-жарақтарын алады. Қолғабын, бетпердені. Бәріміз де бірауыздан қабылдап, жұмыс істеп жатырмыз.

Жасұлан Жексенбаев, қалалық жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының м.а.:

– Қала халықтарына түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Яғни олар өздерінің жеке гигиеналарын сақтау, жекелеген орындарда дезинфекция жасау жүргізуі керек. Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары күнделікті кешкісін волонтерлермен қоса ойын-сауық орындары тексерілуде.

Хабар 24 телеарнасы