429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға адам тасымалдаған такси жүргізушісі ауруханаға жатқызылды

  • 255
  • UPD: 10:24, 26.03.2020
Елордаға адам тасымалдаған такси жүргізушісі ауруханаға жатқызылды

25 наурызға қараған түні елорданың екі тұрғыны Талапкер ауылының маңында орналасқан өткізу-бақылау бекеті арқылы өтуге тырысқан.

Олар Мальдив аралдарында ( 1 Б санатқа жатады) демалып келген, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтанға Қостанай облысы арқылы таксимен келген. Такси жүргізушісі елордаға жетпей екі азаматты өткізу-бақылау бекетінің қасынан тастап кеткен.

Өткізу-бақылау бекетінде медицина және полиция қызметкерлері азаматтардың денсаулығын тексеріп, барлық қажетті шараларды қабылдады. Олар жедел түрде стационарға жеткізіліп, коронавирус инфекциясына сараптамадан өтті. Ал такси жүргізушісі Петропавлда ұсталып, стационарға жіберілді.

Елорда әкімдігі тәртіпбұзғандар қатаң түрде жазаланатынын еске салады. Қала аумағында өткізу-бақылау бекеттері орнатылды. 22 наурыз сағат 00-ден бастап елордаға кіруге де, шығуға да тыйым салынды. Осы аралықта қалаға келіп-кету тәртібін бұзудың 46 фактісі тіркелді, 29 тәртіпбұзушы 15 тәулікке қамауға алынды. Кейбір адамдарға айыппұл салынса, басқалары сот шешімін күтіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы