432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдық тауар өндірушілер ізгілік акциясына атсалысып жатыр

  • 98
  • UPD: 11:54, 26.03.2020
Оралдық тауар өндірушілер ізгілік акциясына атсалысып жатыр

Оралда республикалық «Біз біргеміз!» жобасы аясында жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін көп балалы және қамқорлыққа зәру отбасыларға үлестіріп жатыр.

Игі іске мұрындық болған Nur Otan партиясы өкілдерінің айтуынша, бірінші кезекте осындай 400-дей отбасына көмек көрсетіледі. Азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды таратуға жерлестерінің тағдырына бей-жай қарамайтын қарапайым өңір тұрғындары да атсалысуда. Осындай сындарлы сәтте азаматтарды ортақ іске жұмылдырып, мұқтаж жандарға дәрі-дәрмек пен өзге де керек-жарағын алып беруіне жәрдемдесу басты мақсатымыз, дейді іс-шараны ұйымдастырушылар. Акция барысында сондай-ақ антисептиктер мен бетперделер үлестіру де жоспарда. 

Мұрат Мұқаев, Nur Otan партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Қазіргі таңда мына пандемияға байланысты көптеген іс-шаралар қысқартылған болса, біз араласпай осы заттарды апарып беріп жатырмыз. Қазіргі таңда тек облыс орталығында ғана емес, барлық 12 ауданда толыққанды қарқынды жұмыс атқарылып жатыр. Бұл іс-шара әрі қарай да жалғасады. Бізге келіп түскен арыз-өтініштерге байланысты біз әрі қарай жұмыстанамыз.

 

Хабар 24 телеарнасы