435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар коронавирусқа сынамадан ақылы өте алады

  • 119
  • UPD: 14:29, 26.03.2020

Қазақстанда коронавирусты анықтайтын сынама тестер жеткілікті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірер күн бұрын Қытайдан 60 мыңы жеткізілді. Алдағы аптада тағы 150 мыңы әкелінеді деген жоспар бар. Олар шет елден келгендерге және коронавирус анықталған адаммен жақын қатынаста болғандарға жүргізіледі. Ал сынама нәтижесі 12 сағатта белгілі болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігіне қарасты тауарлар мен қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова мәлімдеді. Сондай-ақ алдағы күндері елге экспресс-тестер жеткізілмек. Ол иммуноферментті сынама әдісі бойынша қан құрамындағы қарсы денелерді анықтайды. Экспресс-тест негізінен әлеуметтік аз қамтылған отбасының мүшелері, егде жастағы адамдар мен 18 жасқа толмаған жеткіншектерге жасалады. Ал өз денсаулығын тексеріп көруді қалайтындар экспресс-тестен ақылы негізде өте алады.

Людмила Бюрабекова, ҚР ДСМ тауарлар мен қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы:

– Негізінен сынама тестен ауырып жатқан адам немесе ауруды жұқтыруы мүмкін адамдар ғана өткені абзал. Сынама алатын зертхана жеке болғандықтан, олар ақылы негізде сынама жүргізе алады. Ал біз коронавирусты жұқтыруы мүмкін адамдарды ғана тегін тексере аламыз.

Хабар 24 телеарнасы